«Махамбет атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1984 жылдан бастап жұмыс жасады.Мектептің оқу-тәрбие жұмысы оның басшысы Аталық Бейсеннің тұсында (1987-1995 жылдары) қайта құрылып, оқу –материалдық базасы нығайды.Мектеп қысқа мерзімде эстетикалық, ұлттық қазақи тәрбиеге бейімделген «мектеп-балабақша-саз мектебі» кешеніне айналды.Жарсуат ауылында оқушыларды халықтық өнерге баулу мақсатында қобыз, домбыра, баян сыныптары бар балалар саз мектебі ашылды.Мұғалімдердің шығармашылықпен айналысатын «Ізденіс» клубы ұйымдастырылып, жоспар бойынша жұмыс істеді.Мектеп басшысы мұғалімдердің ой-өрісін дамытып, ғылыми ізденіп қана қоймай, білім мен тәрбиені және тәжірбиені ұштастыра, мақсатқа жету жолында өзіне де, өзгеге де жоғары талап қойды.

Заман талабына сәйкес аудан бойынша алғаш рет біздің мектепте физика, химия, қазақ тілі мен әдебиеті гуманитарлық пәндері бойынша тереңдету, бастауышта «теңестіру» сыныптар ұйымдастырылып, оқушылардың білім сапасының ілгерілегені байқалды.Сол жылдары аудан мен облыстың пән мұғалімдері «жыл мұғалімі», «жатахана меңгерушісі», «жылдың үздік директоры», өнер және спорт бойынша әртүрлі байқау-жарыстардан: Таскарин Светлана, Абдешева Биғайша, Мұқанғазина Ғалия, Мустафина Мария сияқты қатысқан мұғалімдердің барлығыда жеңімпаз болып оралды.

    Мектептің 1975 жылы туған балаларынан құрылған футбол командасы (жаттықтырушысы Құрақов Дархан) 1990 жылы облыста І-орын алды. Мектеп оқушылары Ұлы Жеңіс мерекесіне Жарсуат-Бөдене-Индер маршруттары бойынша жаяу жүгіріп, аудан орталығындағы «Отан соғысында қаза тапқандар» ескерткішіне тағзым етіп, «Мәңгілік» алаудан от тұтатып, Жарсуатқа әкелді.

1995 жылы тамыз айында аудандық оқу бөлімінің бұйрығымен мектеп директоры болып Қоныс Жаналисов тағайындалды. Бұл жылдары мектеп егін егу және қосалқы шаруашылық жұмыстарымен айналысты. Оқушылар бұдан басқа тас басумен айналысты.

Балахметов Әлифолла 2003 жылдың 1 тамызынан 2005 жылдың 1 сәуіріне дейін Махамбет атындағы орта мектептің директоры болған.Сол кезде 2004 жылы мектепте кешенді күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 14 млн теңгенің үстінде қаржы бөлініп, мектептің жылу, ток желілері, едені ауыстырылып, төбесі шифрмен жабылды.

Мектеп жанындағы жатахана мектепте 1954-1955 оқу жылдары ашылып, осы кезге дейін жұмыс істеді.

2001-2006 жылдар аралығында Жаңбырбаева Гүлайым Махамбет атындағы орта мектептен еңбек жолын бастап, 2007 жылдың сәуірінен Индер аудандық білім беру бөлімінде әдіскер қызметін атқарады.

Абдиров Қайсар еңбек жолын Махамбет атындағы орта мектептің бейнелеу пәні мұғалімі болып бастап 2011 жылы облыстық «Жас Қанат» байқауына қатынасып бас жүлде алды.

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Махамбет атындағы орта мектептің директоры болып Азербаев Наурызғали Ұзақбайұлы тағайындалды.

2020 жылы Махамбет атындағы орта мектеп Индер ауданындағы жетекші мектептердің қатарына енді.

2020-2021 оқу жылының қорытындысымен «Жылдың үздік мектебі-2021» атағын иеленді.